Трамп Тоқаев пен Путин құрметті қонақ ретінде қатысқан Қытайдағы әскери парад туралы пікір білдірді
Опубликовано:
Читать на русском
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Қытайда өткен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске арналған әскери парад пен жапон милитаристеріне қарсы күреске арналған әскери парад туралы ойын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Трамп Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске АҚШ үлкен үлес қосқанын еске салды.
"Жауап берілуге тиіс негізгі сұрақ – Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Америка Құрама Штаттарының Қытайға шетелдік басқыншыдан АЗАТТЫҚ алуы үшін берген үлкен қолдауы мен төгілген қаны туралы тілге тиек етер ме екен?
Көптеген америкалық азамат Қытайдың жеңісі мен даңқы үшін шайқаста қаза тапты. Олар лайықты құрметке ие болып, ерлігі мен құрбан болғаны үшін есте қалады деп үміттенемін", - деп жазды Трамп.
Ол сондай-ақ АҚШ-қа қарсы "астыртын сөз байласып жатқан" Путин мен Ким Чен Ынға сәлем жолдауды өтінді.
"Төраға Си Цзиньпинге және Қытайдың тамаша халқына бұл күн керемет және мәңгілік мереке болсын. Америка Құрама Штаттарына қарсы астыртын сөз байласып жатқан Владимир Путин мен Ким Чен Ынға менің ең ыстық сәлемімді жеткізіңіз", - деп түйіндеді сөзін АҚШ басшысы.
Айта кетейік, Трамп меңзеп отырған әскери парадқа құрметті қонақ ретінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2281808-tramp-toqaev-pen-putin-qurmetti-qonaq-retinde-qatysqan-qytaidagy-askeri-parad-turaly-pikir-bildirdi/