jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+

Лиссабонда туристер арасында танымал фуникулер рельстен шығып кетіп, кемінде 15 адам қаза тапты

Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото. Фото: Horacio Villalobos/Getty Images

Лиссабонда туристер арасындағы танымал "Глория" фуникулері рельстен шығып кетіп, кемінде 15 адам қаза болып, 18 адам жарақат алды.

Португалияның шұғыл медициналық көмек көрсету қызметінің мәліметінше, зардап шеккендердің бесеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Қалған 13 адам оның ішінде бір бала жеңіл жарақат алған.

Қаза тапқандар арасында шетелдіктер де бар, бірақ олар қай елдің азаматтары екенін билік өкілдері әзірге нақтыламады.

Португалиялық SIC Noticias телеарнасы тілшілерінің хабарлауынша, апат жергілікті уақыт бойынша 18:05-те болған. Төтенше жағдай кезінде вагонда қанша адамның болғаны әзірге белгісіз.

Куәгерлердің айтуынша, фуникулер істен шығып, бар екпінімен ғимаратқа соғылған.

Observador басылымының өрт сөндірушілерге сілтеме жасап жазуынша, апатқа фуникулердің үзіліп кеткен тросы себеп болған. Фуникулер соңғы рет 2024 жылдың қыркүйегінде техникалық тексерістен өткен.

Португалия президенті Марселу Ребелу де Соуза қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

Сондай-ақ қайғылы оқиғаға байланысты көрші Испанияның премьер-министрі Педро Санчес, Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен және Еуропарламент спикері Роберта Мецола көңіл айтып, қолдау білдірді.

Айта кетейік, "Глория" фуникулері 1885 жылы іске қосылған және 1915 жылы толығымен электрмен жабдықталған. 2002 жылдан бері Португалияның ұлттық ескерткіштері қатарына кіреді.

Маршруттың ұзындығы 265 метр, фуникулерға 42 адамға дейін сыяды.

2018 жылы да фуникулер рельстен шығып кеткен еді, бірақ ол кезде ешкім зардап шекпеді.

Лиссабонда туристер арасында танымал фуникулер рельстен шығып кетіп, кемінде 15 адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.