Қатар Израильдің шабуылына қатысты құқықтық жауап дайындап жатыр
Опубликовано:
Читать на русском
Қатар билігі Израиль шабуылына құқықтық жауап дайындайды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Мұхаммед бен Абдеррахман Әл Тани мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Үкімет басшысы бұл туралы Al Jazeera телеарнасында тікелей эфирде көрсетілген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
"Қатар Израиль шабуылына заңды жауап беру үшін заңгерлер тобын құрды", - деді Әл Тани.
Премьер-министр Израильдің соққысы ХАМАС штаб-пәтеріне ғана емес, бейбіт тұрғындар орналасқан тұрғын үйлерге де зақым келтіргенін айтты.
Айта кетейік, 9 қыркүйекте Израиль әскері Қатар астанасы Дохада болған ХАМАС-тың жоғары лауазымды өкілдеріне соққы жасады. Қатар Сыртық істер министрі ЦАХАЛ-дың әрекетін айыптады.
Израильдің Қатарға жасаған соққысынан кейін Jerusalem Post басылымы израильдік шенеуніктерге сілтеме жасап, Дохадағы ХАМАС басшыларына жасалған шабуылды алдымен АҚШ мақұлдағанын хабарлады. Алайда Израиль премьер-министрінің аппарат өкілдері жауапкершілікті өзіне алып, әскери акция толығымен тәуелсіз болғанын мәлімдеді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптады.
Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2284507-qatar-izrailding-shabuylyna-qatysty-quqyqtyq-zhauap-daiyndap-zhatyr/