jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Әлемде тұңғыш рет Албанияда жасанды интеллект министр қызметіне тағайындалды

жасанды интеллект
Жасанды интеллект: pexels.com

Албанияда жасанды интеллект негізіндегі модель "ЖИ-министр" ретінде қолданыла бастады. Ол "Диелла" деп аталады, қазақ тілінде "Күн" деген мағынаны береді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Жасанды интеллект мемлекеттік сатып алу қызметіне жауапты болады.

Премьер-министр Эди Раманың айтуынша, "Диелла" мемлекеттік тендерлермен айналысады, ол арқылы үкімет жеке компаниялармен келісімшарт жасайды.

Осылайша мемлекеттік сатып алу қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алды алынады деген болжам бар.

"ЖИ-министр" моделі ел азаматтарына түрлі қызмет алуға мүмкіндік беретін e-Albania платформасында қолданылады.

Айта кетейік, Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады. Бұл туралы Қазақстан халқына жолдауында президент мәлімдеді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында Қазақстанның цифрлық елге айналатынын және ЖИ-дан басқа дамудың баламасы жоқ екенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанды үш жылдың ішінде цифрлық елге айналдыруды тапсырды.

Ал Цифрлық даму министрі жаңа ЖИ министрлігі қашан және қалай құрылатынын айтқан болатын.

Әлемде тұңғыш рет Албанияда жасанды интеллект министр қызметіне тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.