Қырғызстанда қала атауы өзгерді
Опубликовано:
Читать на русском
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғыз Республикасының Жалал-Абад облысындағы Жалал-Абад қаласының атауын Манас деп өзгерту туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайтында хабарланды. Заңға бір күн бұрын қол қойылған.
"Заңның мақсаты – ұлттық идеологияны нығайтуға және Жалал-Абад қаласына халық қаһарманы, қырғыз халқын түрлі басқыншылықтардан қорғаушы ұлы Манастың атын беруге бағытталған", - делінген хабарламада.
Заң ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Айта кетелік, 10 қыркүйекте қырғыз парламентінің депутаттары Жалал-Абад қаласының атауын Манас деп өзгерту туралы заң жобасын мақұлдаған еді.
Заң жобасына сәйкес қала атын өзгертуге кететін шығын шамамен 15 миллион сомды (шамамен 91 788 840 теңге – ред. ескертпесі) құрайды. Барлық шығын жергілікті бюджет есебінен жабылады, заңды қабылдау республикалық бюджеттен қандай да бір қосымша шығындарды қажет етпейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2287746-qyrgyzstanda-qala-atauy-ozgerdi/