Медицина бойынша 2025 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды
Опубликовано:
Читать на русском
Физиология және медицина саласындағы 2025 жылғы Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нобель комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2025 жылы сыйлық ғалымдар Мэри Брунков, Фред Рамсделл және Шимон Сакагучиге берілді.
Олар перифериялық иммундық төзімділік саласындағы жаңалықтары үшін марапатталды.
РБК хабарлауынша, лауреаттар "иммундық жүйені қорғаушыларды" — иммундық жасушалардың өз ағзасына шабуыл жасауына жол бермейтін реттеуші Т- жасушаларын анықтады.
Олардың ғылыми жаңалығы иммундық жүйенің қалай жұмыс істейтінін және неге бәрінде жаппай ауыр аутоиммундық аурулар өршімейтінін түсінуде шешуші рөл атқарған.
Нобель қорының ресми сайтында өнертапқыш, кәсіпкер және бизнесмен Альфред Нобель өз өсиетінде оның байлығы "өткен жылы адамзатқа ең үлкен пайда әкелгендерді" марапаттауға жұмсалатыны туралы айтылған.
Нобель сыйлығы өзі көзі тірісінде ең көп айналысқан физика, химия, физиология мен медицина, әдебиет және бейбітшілік саласындағы ерекше күш-жігер танытқандарды марапаттауға арналған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2294209-meditsina-boiynsha-2025-zhylgy-nobel-syilygynyng-laureattary-belgili-boldy/