jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Оңтүстік Қытай теңізіне ұшақ құлады

теңізге құлаған ұшақ
Теңізге құлаған ұшақ. Фото: x.com/aviationbrk

Бүгін таңертең Гонконг әуежайында Emirates SkyCargo әуе компаниясының жүк таситын Boeing 747-400 ұшағы Оңтүстік Қытай теңізіне құлады. Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ SCMP-ге сілтеме жасап.

Жүк таситын ұшақ Гонконг халықаралық әуежайының солтүстік ұшып-қону жолағынан шығып кеткен. Болжам бойынша, ұшақ көлікпен соқтығысып, теңізге құлаған.

Полиция мәліметінше, оқыс жайт қонуға келе жатқан кезде болған. Құқық қорғау органдары ұшақ жердегі көлікпен соқтығысты деген нұсқаны да айтып отыр.

Ұшақ дер кезінде тоқтай алмай, әуежайдың солтүстік ұшып-қону жолағына жақын маңдағы суға жартылай қонғаны белгілі болды.

Сондай-ақ көліктің де суға кеткені хабарланды. Бастапқыда көліктегі екі адам із-түзсіз жоғалып кетті деп хабарланды. Алайда біреуінің денесі судан шығарылып, екіншісі ауруханаға жеткізілген, кейін ол да қайтыс болды.

Экипаждың төрт мүшесі де зардап шекпеген.

Оңтүстік Қытай теңізіне ұшақ құлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.