Түркияда жер сілкінісі салдарынан ғимараттар опырылды (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Түркияның батысында соңғы 48 сағат ішінде екі жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы жер сілкінісі салдарынан бірнеше ғимарат опырылды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
CNN Türk арнасына сұхбат берген Түркия ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ, бірақ Балыкесир провинциясында жер асты дүмпуі салдарынан үш үй мен бір дүкен опырылған.
"Сындырғыда (жер сілкінісі эпицентріне жақын орналасқан қала – ред. ескертпесі) үш ғимарат пен бір дүкен опырылды. Қаза тапқандар жоқ, ешкім қирандылар астында қалып қоймады", - деді министр.
BREAKING: Some buildings collapsed and electricity was cut off in the earthquake that occurred in Sındırgı district of Balıkesir, Turkey. pic.twitter.com/0a1VoJE8ka
— World Source News (@Worldsource24) October 27, 2025
Ол опырылған ғимараттардың екеуі тамызда болған жер сілкінісінен зақымданғанын және апатты деп танылып, өзгелер үшін жабық болғанын әрі оларды сүріп тастау жоспарда болғанын атап өтті.
#BREAKING | NEWS ⚠️
— Todd Paron (@tparon) October 27, 2025
Strong 6.2 ⚡️Magnitude Earthquake strikes turkey with dozens of after quakes felt many buildings have collapsed or have damage⚡️ pic.twitter.com/ZCetXr58Ey
Жер сілкінісі сезілген Стамбұл, Измир мен Маниса провинцияларының билігі әлеуметтік желіде қазіргі уақытта жер сілкінісінің қандай да бір салдары туралы хабар келіп түспегенін мәлімдеп, шығынды бағалау жұмыстары жалғасып жатқанын алға тартты.
In Turkey, a strong earthquake with a magnitude of 6.1. There is destruction, the number of victims is being clarified.
— MAKS 25 (@Maks_NAFO_FELLA) October 27, 2025
Residents of several regions of the country felt strong tremors. pic.twitter.com/RycWzbmmoV
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2302074-turkiiada-zher-silkinisi-saldarynan-gimarattar-opyryldy-video/