jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Түркиядағы жер сілкінісі: зардап шеккендер саны анықталды

дәрігер
Дәрігер. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоғлы Х желісіндегі парақшасында елдің батыс аймағында болған жер сілкінісінен қанша адам зардап шеккенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемишоғлының айтуынша, төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар жоқ.

Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан барлығы 19 адам зардап шеккен. Олар дүмпу кезінде құлау немесе терезеден секіру салдарынан жарақат алды. Зардап шеккендердің төртеуі бүгінде ауруханадан үйіне жіберілді.

"Барлық зардап шеккен азаматтың жағдайы жақсы және ауруханаларымызда ем алуын жалғастырып жатыр. Олардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - деп қорытындылады денсаулық сақтау министрі.

Еске салсақ, Түркияның батысында соңғы 48 сағат ішінде екі жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы жер сілкінісі салдарынан бірнеше ғимарат опырылды.

Түркиядағы жер сілкінісі: зардап шеккендер саны анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.