jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Нью-Йорк мэрін сайлауда алғаш рет мұсылман жеңіске жетті

Қала мэрі Зохран Мамдани
Зохран Мамдани. Фото: Alexi J. Rosenfeld/Getty Images

Нью-Йорк қаласының мэрін сайлауда алғаш рет мұсылман жеңіске жетті. Демократиялық партияның өкілі, 34 жастағы Зохран Мамдани 2026 жылғы қаңтарда ант беріп, қызметіне кіріседі.

DW басылымының жазуынша, Зохран Мамдани сайлауда сенімді түрде жеңіске жеткен. Оның қарсыластары республикашыл Кертис Слива мен Нью-Йорк штатының бұрынғы губернаторы Эндрю Куомо болды.

Осылайша, Нью-Йорк қаласын тарихта алғаш рет мұсылман өкілі басқарады.

Мамдани 1991 жылғы 18 қазанда Угандада, Үндістаннан шыққан отбасында дүниеге келген. 2018 жылы АҚШ азаматтығын алған.

Бұдан кейін Мамданидің саяси мансабы қарыштап дамыды. Ол 2020 жылы Нью-Йорк штаты ассамблеясының депутаты болып сайланды.

2024 жылғы қазанда Мамдани Нью-Йорк қаласы мэрінің сайлауына түсуге ниеті барын мәлімдеді. Алайда көпшілік оның Демократиялық партиядан кандидат болуы мүмкін екеніне күмәнмен қараған еді.

Нью-Йорк мэрін сайлауда алғаш рет мұсылман жеңіске жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.