jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Сотталған Францияның бұрынғы президенті түрме тамағынан бас тартты

Николя Саркози
Николя Саркози. Фото: Bertrand Guay/AFP via Getty Images

Темір торға тоғытылған Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози түрме тамағынан бас тартып, йогуртқа көшті, деп хабарлайды РБК саясаткердің туыстарына сілтеме жасап.

Бұрынғы мемлекет басшысы қазір жазасын Париждегі Ла Санте түрмесінде өтеп жатыр. Le Point басылымының хабарлауынша, Саркозидің туыстары жанындағы сотталғандардың қастандық жасауынан қауіптенетінін және біреу оның тамағын бүлдіріп алуы мүмкін деп қорқатынын айтқан.

Қамауға алынған 21 қазаннан бері саясаткер тек йогурт тұтынады.

Сондай-ақ, бұрынғы президент тамақ әзірлей алмауы себепті өз бетінше азық-түлік сатып алу мүмкіндігін пайдаланбайды деген ақпарат айтылған.

"Ол жұмыртқаны суға қайнатып пісіруді де білмейді!" - деп мәлімдеген басылымға Саркозиге жақын жандардың бірі.

Еске сала кетейік, 25 қыркүйекте Париж соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді сайлау науқанын қаржыландырумен байланысты Ливия үкіметімен қылмыстық келісім жасады деген айып бойынша кінәлі деп тапты.

Сотталған Францияның бұрынғы президенті түрме тамағынан бас тартты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.