Словакияда екі пойыз соқтығысты: зардап шеккендер бар (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Словакияда Пезинок пен Братислава арасындағы учаскеде екі пойыз соқтығысып, салдарынан 20-ға жуық адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Оқиға орнына елдің барлық шұғыл қызметі жіберілген.
Синьхуа агенттігінің словакиялық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, 9 қарашада кешке Братислава мен Пезинок қаласының арасындағы теміржол учаскесінде екі пойыз соқтығысып, салдарынан кем дегенде 18 адам зардап шеккен. Олар төрт ауруханаға жеткізілген.
РБК-ның жазуынша, теміржол қызметінің мәліметінше, пойыздар бетпе-бет соқтығыспаған, себебі екі пойыз да бір бағытта қозғалып келе жатқан. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Теміржолшылар оқиға болған учаскенің уақытша жабылуы мүмкін екенін жоққа шығармаған.
Естеріңізге сала кетейік, биыл тамызда Ұлытау облысында жолаушылар пойызы жолда тұрған жүк вагонына соқтығыса жаздап, салдарынан кейбір жолаушылар жарақат алған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2306911-slovakiiada-eki-poiyz-soqtygysty-zardap-shekkender-bar-video/