jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Мысырда туристер мінген автобус жол апатына ұшырады: екі адам көз жұмды

Мысыр
Мысыр. Көрнекі фото: Islam Safwat/Bloomberg via Getty Images

Кеше, 11 қарашада Мысырда туристер мінген автобус жол апатына түсіп, жолаушылар қаза тапты. Зардап шеккендердің арасында Ресей азаматтары бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, оқиға Хургада – Каир жолында, Қызыл теңіздің солтүстігінде болған. 36 адамнан тұратын туристік топ мінген автобус жүк көлігімен соқтығысқан. Жолаушылар арасында ресейліктерден басқа Финляндия азаматтары да болған.

Жол-көлік оқиғасының себебі әлі анықталған жоқ.

Ресми мәлімет бойынша, апаттан екі адам қаза тапты: ресейлік әйел мен мысырлық азамат.

Ресей Федерациясының Хургададағы бас консулдығы апаттан кейін 14 ресейлік турист ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

"Бір адам қайтыс болды, 14 адам орташа дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жатқызылды: бір адам Каирде, екеуі Рас-Гаребте және 11 адам Хургадада. 12 адам қонақүйлеріне қайтып жатыр, ауыр зардап шеккендер жоқ", - дейді Ресей дипломатиялық өкілдігі.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, жарақат алғандардың арасында 10-13 жас аралығындағы үш бала да бар.

Мысырда туристер мінген автобус жол апатына ұшырады: екі адам көз жұмды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.