jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Бангладештің бұрынғы премьер-министрі өлім жазасына кесілді

Шейх Хасина
Шейх Хасина. Фото: Antonio Masiello/Getty Images

Бангладеш халықаралық қылмыстық трибуналы бұрынғы премьер-министр Шейх Хасинаны 2024 жылы елде болған жаппай тәртіпсіздікті аяусыз басып-жаншығаны үшін өлім жазасына кесті, деп хабарлайды BTV.

Мемлекеттік телеарна сот залынан хабар таратты, оның аудармасын ТАСС агенттігі ұсынды.

Мәлімет бойынша сот шейх Хасинаны адамгершілікке қарсы қылмыстың бес бабы бойынша да кінәлі деп тапты.

"Бұрынғы премьер-министр бүлікшілерді өлтіру туралы бұйрық бермегенін және бұл нұсқауды өзі отставкаға кеткеннен кейін уақытша үкіметті басқарған Мұхаммед Юнус бергенін бірнеше рет айтқан", - дейді авторлар.

Өлім жазасы Бангладештің бұрынғы ішкі істер министрі Асадуззаман Хан Камалға да жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың жазында мыңдаған адам Бангладеш премьер-министрінің резиденциясы Ганобхабанға басып кірді.

BBC орыс қызметінің хабарлауынша, Бангладеш астанасы Даккада наразылық білдірушілер мен полиция арасындағы қақтығыстар кезінде мемлекеттік BTV телеарнасының ғимараты өртенді. Наразылық бірнеше күн бойы болды, ондаған адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды деген хабар таратылды.

Бангладештің бұрынғы премьер-министрі өлім жазасына кесілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.