Вьетнамда су тасқыны салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты
Опубликовано:
Читать на русском
Вьетнам орталығындағы провинциялар су тасқынынан зардап шекті. Төтенше жағдай салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Вьетнамда ұзаққа созылған нөсерден кейін өзендер арнасынан асып, су тасыды. Бұл туралы жергілікті БАҚ мәлім етті.
"Орталық провинцияларда қаза тапқандар саны 41 адамға жетті, кемінде тоғыз адам із-түссіз жоғалып кетті. Ең көп адам өлімі болған аудандар – ДакЛак провинциясы (16 адам) және Кханьхоа (14 адам)", - дейді Ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау министрлігі өкілдері.
Елде апатты жою қызметі жұмыс істеп жатыр.
Соңғы мәліметтер бойынша, апат аймағындағы 52 мыңнан астам тұрғын үй толық немесе ішінара су астында қалған, 13 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдарын су шайып кеткен.
Апат болған аймақтардан 61 700-ден астам адам эвакуацияланды, бірақ көптеген отбасы әлі де су басқан аумақтарда көмек күтіп отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2311535-vetnamda-su-tasqyny-saldarynan-40-tan-astam-adam-qaza-tapty/