jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаевтың ұлы қамауға алынды

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев
Алмазбек Атамбаев. Фото: Carsten Koall/Getty Images

Қырғызстанда елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадырбек Атамбаев және экс-депутаттар қамауға алынды, деп хабарлайды 24.kg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, ұсталғандардың үстінен жаппай тәртіпсіздікке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Соттың шешімімен қамауға алынғандар арасында "Социал-демократиялық" партиясының жетекшісі Темірлан Сұлтанбеков, оның жақтасы Қадырбек Атамбаев, экс-депутататтар Шайлообек Атазов, Кубанычбек Қадыров, "Социал-демократ" партиясының мүшесі Эрмек Ерматов, кәсіпкер Урмат Барықтабасов (Асқарбеков) бар.

Олар 2026 жылғы 17 қаңтарға дейін тергеу изоляторында қамауда отырады.

Кейінірек Қадырбек Атамбаев өзіне қатысты іс анағұрлым ауыр қылмыс санатына ауыстырылғанын хабарлады. Оған билікті күшпен құлатуға әрекеттенді деген айып тағылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Жогорку Кенеш сайлауынан кейін жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырмақ болды деген күдікпен деструктивті топ мүшелерінің ұсталғаны туралы хабарлаған еді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, топтың құрамына саяси қайраткерлер, бұрынғы депутаттар, бұрынғы мемлекеттік қызметшілер және қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері кірген. Олар өз жақтастарын, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтар мен спорт қауымдастықтарын арандатушылық пен қақтығыс тудыру үшін тартқан.

"Ұсталғандар сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін елдің оңтүстігінен бастап, Бішкек пен облыстарда жаппай наразылықты білдіретін бірқатар митинг өткізуді жоспарлаған.

Олардың жоспарында Конституцияға қарсы үндеулер болған, сондай-ақ әкімшілік ғимараттарды, телеарналарды, қауіпсіздік күштерінің нысандарын, қару-жарақ пен пенитенциарлық жүйенің мекемелерін басып алу да кіруі мүмкін", - делінген Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаевтың ұлы қамауға алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.