jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

13 адам қаза тапты: Гонконгта көпқабатты тұрғын үй кешені өртке оранды (фото, видео)

Гонконгтағы өрт
Гонконгтағы өрт. Видеодан кадр: x.com/volcaholic1

Гонконгтағы көпқабатты тұрғын үйде алапат өрт болып, кемінде 13 адамның өмірін жалмады. Кейбір ақпарат көздері төтенше жағдайдан 28 адам хардап шеккенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ABC News хабарлауынша, оқыс оқиға Гонконгтағы Тай По ауданында болған. Тұрғын үй кешеніндегі өрт салдарынан кемінде 13 адам қаза тауып, 20-дан астам тұрғын зардап шекті.

"Бүгін Тай Подағы "Ван Фук" ғимаратында өрт болды. Алдымен өрт қаупінің үшінші деңгейі, кейін төртінші деңгейі жарияланды", - делінген Гонконг үкіметінің мәлімдемесінде.

Алайда біраз уақыт өткен соң, өрт сөндірушілер өрттің бесінші деңгейін жариялады.

"Кемінде 13 адам қаза тапты. Тағы 28 адам жарақат алды. Олардың көбісі жергілікті екі ауруханаға жеткізілді", - деді құтқарушылар.

Айта кетерлігі, өрт толығымен сөндірілмеген соң, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны туралы ақпарат өзгеріп жатыр.

Желіде оқиға орнынан видеолар тарап, көпшіліктің үрейін тудырды. Оқырмандар Гонконг халқы үшін алаңдаушылық білдіруде.

South China Morning Post мәліметіне сәйкес, өрт жақын маңдағы ормандарға да таралған. Бірнеше тұрғын үйлерінен шыға алмай қалған. Сондай-ақ өрт тұрғын үй кешеніндегі сегіз кварталдың жетісіне таралғаны туралы хабарланды.

Басылым ақпаратынша, тұрғын үй кешенінің тұрғындары уақытша спорт орталығына орналастырылды.

13 адам қаза тапты: Гонконгта көпқабатты тұрғын үй кешені өртке оранды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.