jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Гонконгтағы тұрғын үй кешеніндегі жойқын өрт толық сөндірілді

Wang Fuk Court кешенінің өрттен кейінгі көрінісі
Wang Fuk Court кешенінің өрттен кейінгі көрінісі. Фото: Leung Man Hei/Bloomberg via Getty Images

Гонконгтағы ірі тұрғын үй кешеніндегі жойқын өрт толық сөндірілді, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өрттің сөндірілгені туралы ақпарат Қытайдың орталық телевизиясы арқылы хабарланған. Қазіргі уақытта құтқарушылар пәтерлерді тексеріп жатыр.

"Өрт сөндірілді, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, ешкім қамалып қалмағанына көз жеткізу үшін барлық пәтер тексерілуде", - делінген хабарламада.

Жергілікті South China Morning Post басылымының мәліметінше, өрт тұрғын үй кешенін қайта жаңғырту жоспары бойынша үйлердің маңында бой көтерген, бамбук қалқандары пайдаланылған құрылыстан басталып, тараған.

Естеріңізге сала кетейік, Гонконгтағы Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінде 26 қарашада жергілікті уақыт бойынша түс кезінде өрт шығып, жалын тез таралып, кешендегі сегіз орамның жетеуін шарпыған еді.

Алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.

South China Morning Post басылымының жазуынша, қазіргі уақытта өрттен 128 адамның қаза тапқаны расталған. Марқұмдардың ішінде бір өрт сөндіруші бар.

Сондай-ақ 12 өрт сөндірушіні қоса алғанда 79 адам зардап шеккен. 200 адамның тағдыры белгісіз. Бес адам қамауға алынған.

Гонконгтағы тұрғын үй кешеніндегі жойқын өрт толық сөндірілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.