Оңтүстік-Шығыс Азияда күшті теңіз дауылынан 800-ден астам адам қаза тауып, миллиондаған адам жарақат алды (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Оңтүстік-Шығыс Азияда күшті теңіз дауылы соғып, салдарынан 4 миллионнан астам адам зардап шеккен, деп хабарлайды Sky News телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Телеарнаның мәліметінше, Малакка бұғазынан басталған тропикалық дауыл Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ойысқан.
Салдарынан Индонезия мен Таиландтағы су тасқыны мен көшкіннен қаза тапқандар саны 600-ден асқан. Көршілес Шри-Ланкада да циклоннан кейін 200-ден астам адам қаза тапқаны хабарланған.
"Малакка бұғазынан бастау алған тропикалық дауылдың салдарынан 4 миллионнан астам адам – Таиландта шамамен 3 миллион және Индонезияның батысында 1,1 миллион адам зардап шекті. Индонезияның құтқару қызметтері батыстағы Суматра аралына апаратын жолдар жабылып қалғандықтан, адамдарға көмек көрсету үшін тікұшақтарды пайдаланып жатыр.
Телекоммуникациялық инфрақұрылымның зақымдануы байланысты қиындатты, көп аумақтың сыртқы әлеммен байланысы үзіліп қалды", - деп хабарлады телеарна тілшілері.
Asia is going thru serious floods right now.
— Rahim ️✨ (@lightofrahim) November 30, 2025
I’m doing a flood relief campaign with @SuperteamVN frens to raise funds to help people in need.
A friend just sent me this video from his window.
You can reply below if you want to contribute and I’ll DM you when we’re ready ⛑️ pic.twitter.com/k1liDGp648
Ал Таиландтың ең үлкен провинциясы Сонгкхлада 335 мм жауын жауған, бұл соңғы 300 жылдағы ең жоғары жоғары көрсеткіш. Бұған дейін бір күнде осыншама жауын жаумаған.
Catastrophic #southeastAsia #flooding leaves at least 600 dead with tens of thousands displaced as villages are submerged pic.twitter.com/Ug9lq95NaW
— Hans Solo (@thandojo) November 30, 2025
Бірнеше күнге ұласқан жаңбырдан кейін метеорологиялық қызметтер тропикалық дауыл мен жаңбыр туралы ескертулерді алып, елдің көп бөлігінде күн ашық болатынын хабарлаған.
Дегенмен төтенше жағдайлармен күрес ұлттық агенттігінің мәліметінше, шамамен 18 700-дей адам әлі де эвакуациялау орталықтарында қалып отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2314849-ongtustik-shygys-aziiada-kushti-tengiz-dauylynan-800-den-astam-adam-qaza-tauyp-milliondagan-adam-zharaqat-aldy/