Гонконгтағы алапат өрт кезінде із-түссіз жоғалып кетті делінген 159 адам тірі болып шықты
Опубликовано:
Читать на русском
Гонконгтағы ірі тұрғын үй кешеніндегі алапат өрт кезінде із-түссіз жоғалып кетті делінген 159 адам тірі болып шықты. Бұл туралы "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Гонконг полициясы жексенбіде, 26 қарашада Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінде болған ірі өрт кезінде із-түссіз жоғалып кетті делінген 159 тұрғынның аман екенін растады.
Гонконг полициясының жазатайым оқиғаларды тергеу бөлімін басқаратын полиция офицері Цзэн Шусянь жексенбідегі баспасөз мәслихатында кейінгі мәліметтер бойынша, өрттен қаза тапқандар саны 146 адамға жетіп, тағы 79 адам жарақат алғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Гонконгтағы Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінде 26 қарашада жергілікті уақыт бойынша түс кезінде өрт шығып, жалын тез таралып, кешендегі сегіз орамның жетеуін шарпыған еді.
Алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.
28 қарашада өрттің толық сөндірілгені хабарланды.
South China Morning Post бұл қайғылы оқиғадан кейін бес адамның қамауға алынғанын жазды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2315014-gonkongtagy-alapat-ort-kezinde-iz-tussiz-zhogalyp-ketti-delingen-159-adam-tiri-bolyp-shyqty/