"Бүкіл елге шабуыл жасаумен бірдей": Трамп Колумбия зертханаларына соққы жасамақ
Опубликовано:
АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық жастарды есірткімен улап отырған елдермен күресетінін айтты, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
АҚШ президенті Колумбияға шүйлігіп отыр. Себебі, айтуынша, кокаин зертханалары дәл осы елде орналасқан.
"Біз еріккеннен кемелерді жарып отыр деп ойлайсыздар-ау. Біз баяғыдан есірткінің жасалатын жерлерін және жеткізілу маршруттарын білетінбіз. Алдыңғы әкімшілік бұған бей-жай қарады. Соның кесірінен миллиондаған америкалық азамат есірткіге тәуелді болып, жылына он мыңдаған адам өліп жатыр. Енді Колумбиядағы зертханаларға соққы жасауды жоспарлап отырмын", - деді АҚШ президенті Дональд Трамп.
Бірақ Колумбия президенті бұл бүкіл елге жасалған шабуылмен бірдей болатынын айтып отыр. Қажет болса, қорғанамыз дейді. Себебі АҚШ теңіз күштері жарып жіберген кемеде 80 Колумбия азаматы болған.
"Біздің азаматтар қандай қылмыс жасаса да, өзге мемлекеттің оларға қол ұшын тигізуіне ешбір құқығы жоқ. Біз енді халықаралық теңізде жүрсе де, әр отандасымызды қорғаймыз", - дейді Колумбия президенті Густаво Петро.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2317229-bukil-elge-shabuyl-zhasaumen-birdei-tramp-kolumbiia-zerthanalaryna-soqqy-zhasamaq/