Түркияда ауқымды операция жүріп, 115 адам ұсталды
Опубликовано:
Читать на русском
Стамбұлда бейсенбі күні ауқымды операция өтіп, оның барысында Жаңа жыл мен Рождество мерекелері кезінде теракт жасауды жоспарлаған деген күдікпен 115 адам ұсталған. Бұл туралы Euronews арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылымның жазуынша, Стамбұлдың Бас прокуратурасы тергеу аясында 137 адамды қамауға алуға ордер берген. 115 күдікті Стамбұлдағы 124 мекенжайда жүргізілген операция кезінде ұсталған. Тінту кезінде олардан тапанша, оқ-дәрі мен көптеген құжат тәркіленген.
Бас прокуратураның мәліметінше, күдіктілер алдағы Рождество мен Жаңа жыл мерекелері кезінде мұсылман еместерге қарсы шаралар қолдануға шақырған.
Ұсталғандардың кейбірі қақтығыс аймағынан келген.
Түркия билігі қашып жүрген күдіктілерді ұстау оперциясы жалғасып жатқанын хабарлады.
Басылымның дерегінше, сейсенбі күні Анкараның Бас прокуратурасы ДАИШ-тың (Қазақстанда тыйым салынған – ред. ескертпесі) қаржы құрылымын тергеу аясында 10 адамды ұстауға ордер берген.
Күдіктілердің банк шоттары арқылы Сириядағы қақтығыс аймақтарындағы ДАИШ мүшелері мен олардың отбасыларына қаржылай көмек көрсеткені анықталған. Осыдан кейін Анкараның Қауіпсіздік басқармасының лаңкестікке қарсы бөлімі күдіктілерді ұстау оперциясын бастаған.
Ал Анкара провинциясы жандармериясының қолбасшылығы бөлімшелерді ДАИШ Анкара мен Стамбұлда Жаңа жыл мерекесі қарсаңында теракт жасауы мүмкін екенін ескерткен.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2325441-turkiiada-rozhdestvo-men-zhanga-zhyl-merekesi-kezinde-terakt-zhasaudy-zhosparlagan-degen-kudikpen-115-adam-ustaldy/