jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

АҚШ-тағы "ең қауіпті қылмыскерлер" тізіміне Қазақстанның үш азаматы енді

АҚШ-та сотталғандар
Сотталғандар. Фото: dhs.gov

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі "ең қауіпті қылмыскерлер" тізімін жариялады, олардың қатарында үш қазақстандық бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің сайтында АҚШ иммиграция және кеден қызметі қамауға алған ең қауіпті шетелдік қылмыскерлердің тізімі жарияланды.

"Министрдің орынбасары Ноэмнің басшылығымен DHS және ICE қызметкерлері президент Трамптың жаппай депортациялау туралы тапсырмасын орындап жатыр, оның ішінде ең қауіпті қылмыскерлерден бастап, құжатсыз иммигранттарға дейін бар", - деп атап өткен министрлік өкілдері.

Тізімде Қазақстаннан үш адам көрсетілген. Біреуі Алабама штатының Бруквуд қаласында тұтқындалып, шабуыл жасағаны және ұрланған мүлікті қолды қылғаны үшін сотталған. Екіншісі Флоридада ұрлық жасағаны үшін, ал үшіншісі Орегон штатында қарумен шабуыл жасағаны үшін тұтқындалған.

АҚШ-тағы "ең қауіпті қылмыскерлер" тізіміне Қазақстанның үш азаматы енді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.