jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Мексикада пойыз рельстен шығып кетті: 13 адам қаза тапты (видео)

Теміржол1
Көрнекі фото: piqsels.com

Мексиканың Оахака штатында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, салдарынан 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оқиға туралы елдің Әскери-теңіз министрлігі мәлім етті.

Оның айтуынша, пойызда 241 жолаушы және тоғыз экипаж мүшесі болған.

"39 адамға қауіп төніп тұрған жоқ, 98 адам жарақат алды, оның 36-сы ауруханада медициналық көмек алып жатыр... Өкінішке қарай, 13 адам қаза тапқанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум X желісінде оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қаза тапқандардың отбасы мен зардап шеккендерге көңіл айтты.

"Мен Әскери-теңіз күштері министріне және Ішкі істер министрінің адам құқықтары жөніндегі орынбасарына оқиға орнына барып, марқұмдардың отбасына көмек көрсетуді тапсырдым. Ішкі істер министрі жұмысты үйлестіреді", - деді Мексика басшысы.

Мексикада пойыз рельстен шығып кетті: 13 адам қаза тапты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.