jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Тарихта алғаш рет Нью-Йорктің жаңа мэрі Құранға қолын қойып, ант берді

Зохран Мамдани
Зохран Мамданидің ант беру рәсімінен фото: Amir Hamja/The New York Times/Bloomberg via Getty Images

Зохран Мамдани Құранға қолын қойып, ант бергеннен кейін ресми түрде Нью-Йорк қаласының мэрі атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ New York Times басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ант беру рәсімі кезінде Зохран Мамдани ислам әлемінің қасиетті кітабы Құранға қолын қойып, Нью-Йорктің алғашқы мэрі атанды.

"Құранның бір көшірмесі Мамданидің атасына, ал екіншісі бір кездері жазушы және тарихшы Артуро Шомбургке тиесілі болған. Оны мэрге Нью-Йорк қоғамдық кітапханасы ұсынған", - деп жазады басылым тілшісі.

Көпшілік алдындағы келесі рәсімде ол атасының Құраны мен әжесінің Құранын пайдаланады.

Еске сала кетейік, демократиялық партияның өкілі, 34 жастағы Зохран Мамдани Нью-Йорк мэрі болып сайланған алғашқы мұсылман екенін жазғанбыз.

Айта кетейік, Мамдани 1991 жылғы 18 қазанда Угандада, Үндістаннан шыққан отбасында дүниеге келген. 2018 жылы АҚШ азаматтығын алған.

Бұдан кейін Мамданидің саяси мансабы қарыштап дамыды. Ол 2020 жылы Нью-Йорк штаты ассамблеясының депутаты болып сайланды.

2024 жылғы қазанда Мамдани Нью-Йорк қаласы мэрінің сайлауына түсуге ниеті барын мәлімдеді. Алайда көпшілік оның Демократиялық партиядан кандидат болуы мүмкін екеніне күмәнмен қараған еді.

Тарихта алғаш рет Нью-Йорктің жаңа мэрі Құранға қолын қойып, ант берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.