Венесуэла астанасында жарылыстар болды (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Каракаста кем дегенде жеті жарылыс болды, салдарынан қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды – жарылыс дыбыстары қаланың әр түрлі бөліктерінде, сондай-ақ Майкетиядағы Симон Боливар әуежайында және Ла-Гуайра портында естілді.
Bloomberg-тің хабарлауынша, Каракас тұрғындары жарылыстар болғанын және қала үстінен ұшақтардың ұшып өткенін жарыса жазып жатыр.
Explosions now shaking Caracas.
— Manolo De Los Santos (@manolo_realengo) January 3, 2026
Trump has launched an illegal bombing campaign. Families, children, people sleeping in their homes across Caracas are under attack. Bombings confirmed in La Guaira, Fuerte Tiuna, La Carlota.
This is a war crime. Stop the bombing of Venezuela! pic.twitter.com/8Ic1im2goc
CNN де Венесуэладағы оқиғаларға қатысты мәлімет ұсынды: арна журналистері сенбі таңертең Каракаста болған бірнеше жарылыстың куәсі болған. Қаланың кейбір аудандары жарықсыз қалды.
Алғашқы жарылыс жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 1:50-де тіркелді.
"Соққылардың бірі қатты болғаны соншалық, терезем дірілдей бастады", - дейді CNN тілшісі Осмари Эрнандес.
BREAKING: At least six large EXPLOSIONS have just occurred throughout Caracas, the capital of Venezuela
— Nick Sortor (@nicksortor) January 3, 2026
Unconfirmed reports of potential U.S. airstrikes targeting military infrastructure
President Trump may have just dropped the hammer. pic.twitter.com/R0iLgG9303
Телеарна жарылыстардың себебі әзірге белгісіз екенін хабарлады.
Телеарна редакциясының қолына түскен расталған бейнежазбада қаланың екі жерінде қою түтін шығып жатқанын байқауға болады.
Венесуэла жаңалықтар агенттіктеріне сілтеме жасаған телеарнаның хабарлауынша, жарылыстар Каракастың солтүстігіндегі Ла-Гуайра штатында және ел жағалауында, сондай-ақ Миранда штатындағы Игуэроте қаласының жағалауында да естілген.
BREAKING: Reuters reports U.S. ground forces and Air Force assets are now active in and around Caracas, Venezuela, with multiple explosions reported across the capital as operations continue.
— Brian Allen (@allenanalysis) January 3, 2026
“No new wars,” they said — three days into the year and we’re already lighting the… pic.twitter.com/GdzsmdsGUS
Айта кетсек, Дональд Трамп АҚШ Венесуэладағы есірткі тасымалымен айналысатын желілерге қарсы жаңа әрекеттерге дайындалып жатқанын және жақын арада шабуылдар басталатынын бірнеше рет ескерткен болатын.
CBS News дереккөздерінің хабарлауынша, Трамп әкімшілігінің шенеуніктері жарылыстар мен ұшақтар жөнінде хабардар екенін айтқан, бірақ Ақ үй мен Венесуэла үкіметі түсініктеме беру туралы өтініштерге бірден жауап бере қоймады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2327812-venesuela-astanasynda-zharylystar-boldy-video/