jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы етіп "сайлап" алды

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Tasos Katopodis/Getty Images

АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында сурет жариялады. Суреттен Дональд Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы ретінде көрсеткенін байқауға болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Трамп жариялаған скриншот Wikipedia онлайн-энциклопедиясының интерфейсіне ұқсайды.

Онда Трамп өзін тағы бір жаңа лауазымға "ие болғанын" меңзеген. Яғни ол өзін 2026 жылғы қаңтардан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқарушы ретінде көрсеткен.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ресми түрде Делси Родригес Венесуэланың уақытша президенті саналады. Ол жақында ант беріп, қызметіне кіріскен болатын.

Трамп жариялаған скриншот
Трамп жариялаған скриншот: truthsocial.com/@realDonaldTrump

Естеріңізге сала кетейік, 3 қаңтарға қараған түні Каракаста жарылыстар болды. Кейін Трамп АҚШ Венесуэлаға және оның көшбасшысы, президент Николас Мадуроға қарсы кең ауқымды операцияны сәтті жүзеге асырғанын, Мадуро тұтқынға алынып, әйелімен бірге елден шығарылғанын мәлімдеді.

Кейінірек Трамп әлеуметтік желіде тұтқындалған Венесуэла президентінің суретін жариялады.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флореске "наркотерроризмге" қатысты, атап айтқанда кокаин әкелу, пулеметтер мен жарылғыш құрылғыларды сақтау, АҚШ-қа қарсы пулеметтер мен жарылғыш құрылғыларды иемдену үшін сөз байласу айыптары тағылған.

Алайда Нью-Йоркте өткен алғашқы сот мәжілісінде Мадуро мен оның әйелі тағылған айыппен келіспейтіндерін айтқан.

Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы етіп "сайлап" алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.