jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Трамп Иранмен бизнес жүргізетін елдерге 25 пайыздық баж салығы салынатынын айтты

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Kevin Dietsch/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ынтымақтастық жасайтын елдерге жаңа баж салығы енгізілгенін мәлімдеді. Ол бұл туралы Truth Social желісінде жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Дереу күшіне енеді: Иран Ислам Республикасымен бизнес жүргізетін кез келген елдің Америка Құрама Штаттарымен жүргізілетін кез келген барлық бизнесіне 25 пайыз салық салынады. Бұл бұйрық түпкілікті және орындалуға міндетті", - деп жазды Ақ үй басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Иран халқы 2025 жылдың 28 желтоқсанында бағалардың өсуіне наразылық білдіріп, жаппай көшеге шығуда, бұл – соңғы жылдардағы ең ірі наразылық болып есептеледі.

Осыған байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігін наразылық білдірушілерге көмекке келуге дайын екендігі туралы ескертті.

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Америка Құрама Штаттарын елде тәртіпсіздіктер тудырды деп айыптап, наразылықты Америка Құрама Штаттары мен Израиль үйлестіріп отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Иран билігі Израиль мен Америка Құрама Штаттарына Тегеранға агрессия көрсетуіне жол бермейтіні туралы ескерту жасады.

Трамп Иранмен бизнес жүргізетін елдерге 25 пайыздық баж салығы салынатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.