jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ақ үй Гренландия картасына қарап тұрған Трамптың фотосын жариялады

Дональд Трамп
Гренландия картасына қарап тұрған Дональд Трамп. Фото: Ақ үйдің баспасөз қызметі

Ақ үйдің баспасөз қызметі Х желісінде Гренландия картасына терезеден қарап тұрған АҚШ президенті Дональд Трамптың суретін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фотодан Ақ үй ғимаратының терезесі, ал әйнектен Гренландия картасы көрінеді. Костюм киген Трамп суретке теріс қарап түскен, ол терезеден картаға қарап тұр. Суретте вице-президент Дж.Д. Вэнстің сұлбасы да көрінеді.

"Жағдайды бақылап отыру үшін басыңыз" - делінген жазбаның сипаттамасында.

Айта кетейік, бүгін Республикалық партияның мүшесі Рэнди Файн Конгреске Гренландияны Америка Құрама Штаттарына қосу туралы заң жобасын ұсынды.

Ал күні кеше АҚШ-тың Гренландия бойынша арнайы елшісі Джефф Ландри Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Дания Гренландияны "басып алғанын" мәлімдеді.

Ақ үй Гренландия картасына қарап тұрған Трамптың фотосын жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.