jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Таиландта пойызға құрылыс краны құлап, 20-дан астам адам қаза тапты (фото, видео)

Оқиға болған жер
Оқиға болған жер. Фото: x.com/ifpost47

Таиландта оқыс оқиға тіркелді: Бангкоктан кетіп бара жатқан жолаушылар пойызына құрылыс краны құлап, салдарынан көптеген адам ажал құшты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

Басылымның Таиланд бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауынша, Бангкоктан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде орналасқан Накхонратчасима провинциясының Сихио ауданында құрылыс краны жүріп келе жатқан пойызға құлады. Оның арты өртке ұласты.

Полицияның мәліметінше, 22 адам қаза тауып, тағы 79 адам жарақат алды, ал сегіз жолаушы ауыр жарақат алды. Эвакуация жұмыстары жалғасуда.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:00 шамасында, теміржол желісінде құрылыс жұмыстары жүріп жатқанда болды.

Таиланд мемлекеттік теміржол компаниясының мәліметі бойынша, пойызда орындар кестесіне сәйкес 195 адам болған. Дегенмен, олардың нақты саны белгісіз.

Таиланд премьер-министрінің орынбасары және көлік министрі Фипат Ратчакитпракарн апаттың себебін анықтау үшін жан-жақты және кешенді тергеу жүргізуді тапсырды.

Таиландта пойызға құрылыс краны құлап, 20-дан астам адам қаза тапты (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.