jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

АҚШ Ирандағы жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады

БҰҰ туы
БҰҰ туы. Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-тың сұрауы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға қатысты шұғыл отырысы 15 қаңтарға белгіленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететін Сомали миссиясы басылымға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Иран бойынша шұғыл отырысы бүгін, 15 қаңтарда Мәскеу уақыты бойынша сағат 23:00-де (Астана уақыты бойынша 16 қаңтарда сағат 01:00-де) өтетінін хабарлады.

"Төраға Ирандағы жағдай туралы күн тәртібіндегі "Таяу Шығыстағы жағдай" тармағы бойынша отырыс өткізуді жоспарлап отыр", - деп хабарлады басылым Қауіпсіздік Кеңесінің қазіргі төрағасының сөзіне сілтеме жасап.

Құрылымдағы дереккөздің басылымға хабарлауынша, отырыс өткізуді АҚШ сұраған.

Естеріңізге сала кетейік, Иранда 2025 жылдың 28 желтоқсанында елдегі қымбатшылыққа байланысты жаппай наразылық басталды. Бұл соңғы жылдардағы ең ірі наразылықтың бірі болып отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігіне наразылыққа шыққандарға көмекке келуге дайын екенін ескертті.

Сондай-ақ АҚШ президенті Иранмен ынтымақтастық жасайтын елдерге 25 пайыздық баж салығы енгізілгенін мәлімдеді.

Ал Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі АҚШ-ты елде тәртіпсіздіктер тудырды деп айыптап, наразылықты Америка Құрама Штаттары мен Израиль үйлестіріп отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Иран билігі Израиль мен АҚШ-қа Тегеранға агрессия көрсетуіне жол бермейтіні туралы ескерту жасады.

Одан бөлек Иран билігі "АҚШ алдағы тәулікте әуеден шабуыл жасауы мүмкін" деген хабарламадан кейін елдің әуе кеңістігін жапқанын хабарлаған едік.

АҚШ Ирандағы жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.