jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Әлемде тағы бір ел балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды қарастырып жатыр

телефон ұстаған бала
Телефон ұстаған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Ұлыбритания үкіметі кәмелетке толмағандарға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды көздеп отыр. Олар Австралияның осы тәжірибесін қайталап көрмек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ DW-ге сілтеме жасап.

Ұлыбритания Министрлер кабинетінің хабарлауынша, билік қазіргі уақытта ғаламторда балаларды қорғаудың түрлі нұсқаларын қарастырып жатыр, соның ішінде кәмелетке толмағандарға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салу және мектептерде ұялы телефондарды қолдануға қатысты қатаң нұсқаулар бар.

Ғылым, инновациялар және технологиялар министрі Лиз Кендаллдың сөзінше, қолданыстағы заңдар осы саланы реттеу бойынша соңғы шешім болып қалмайды.

"Сондықтан мен одан әрі де шаралар қабылдауға дайынмын", - деді ол.

Үкімет министрлерді балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салған Австралияға жіберуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Ұлыбритания балаларға желіні қолдануға тыйым салуды қарастырып отырған Еуропадағы жалғыз ел емес. Дания бұған дейін 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салу жоспарын жариялаған болатын. Франция да осындай шараларды қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Еурокомиссия еуропалық деңгейде жақында YouTube және Snapchat сияқты платформалардың кәмелетке толмағандарды қорғауға арналған Сандық қызметтер туралы заңның (DSA) талаптарына сәйкес-сәйкес еместігін қарастыратынын мәлім етті.

Әлемде тағы бір ел балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды қарастырып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.