jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жапонияның бұрынғы премьері Синдзо Абэні өлтірген адам өмір бойына сотталды

Синдзо Абэнің портреті
Синдзо Абэнің портреті. Фото: YOSHIKAZU TSUNO/Gamma-Rapho via Getty Images

Жапонияда елдің бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні өлтірді деп айыпталған Тецуя Ямагамиге сот үкімі шықты. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жапон БАҚ-тарына сілтеме жасаған басылымның жазуынша, қорғаушы тарап айыпталушыға 20 жылдан аспайтын жаза тағайындауды сұраған.

Олар кісі өлтірудің себебі, айыпталушының "Бірлік шіркеуі" діни ұйымына қатысты қиын балалық шағымен байланысты екеніне назар аударғысы келген.

Марқұм Абэнің діни ұйыммен байланысы болуы мүмкін екені айтылған.

Алайда айыптаушы тарап бұл дәлелдердің қисыныз екенін, қылмыскер қылмысты 41 жасында яғни жағдайды толық бағамдай алатын кезде жасағанын мәлімдеген.

Нәтижесінде сот саясаткерді өлтірген адамды кінәлі деп тауып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 8 шілдеде Нара қаласындағы көшеде бұрын өзі басқарған Либералды-демократиялық партияны қолдап, парламенттің жоғарғы палатасының сайлауалды науқаны аясында сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэге қастандық жасалды.

67 жастағы Синдзо Абе алған жарақатынан Нара университетінің ауруханасында қайтыс болды.

Саясаткерге оқ атқан күдікті оқиға орнында ұсталды. Кейін күдіктінің 2005 жылға дейін Жапонияның әскери-теңіз күштерінде қызмет еткен Тэцуя Ямагами деген жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Ұстау кезінде ол ешқандай қарсылық танытпаған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Синдзо Абэнің қазасына байланысты көңіл айтып, суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Жапонияның бұрынғы премьері Синдзо Абэні өлтірген адам өмір бойына сотталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.