jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ауғанстанда қалың қар жауып, салдарынан кем дегенде 61 адам мерт болды

Кабул
Кабул қаласы. Көрнекі фото: Bilal Guler/Anadolu via Getty Images

Ауғанстанда жаңбыр мен қалың қар жауып, салдарынан кем дегенде 61 адам көз жұмды, жүздеген адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Ауғанстанда сәрсенбі-бейсенбіде қалың қар мен жаңбырдың салдарынан кем дегенде 61 адам қаза тауып, 110 адам зардап шекті. Бұл туралы елдің Апаттарды басқару ұлттық басқармасының өкілдері мәлім еткен.

Ведомство өкілдері ауа райының қолайсыздығынан 458 үй толық немесе ішінара зақымданғанын айтады.

Мәліметке сүйенсек, табиғи апаттан зардап шеккендер мен көз жұмғандар саны бойынша әзірге тек алдын ала мәлімет берілген және бұл сандар өзгеруі мүмкін. Кейбір аймақтарда мамандар әлі жағдайға бағалау жүргізіп жатыр.

Соңғы үш күнде Ауғанстанның көп бөлігінде қалың қар жауып, күн суытқан. Соның салдарынан Кабулды кей провинциялармен байланыстыратын бірнеше маңызды жол жабылды.

Ауғанстанда қалың қар жауып, салдарынан кем дегенде 61 адам мерт болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.