jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Қауіпсіздік жағдайын ескере отырып": Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

ұшақ
Ұшақ. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Үндістанның IndiGo әуе компаниясы бірнеше халықаралық рейсті, соның ішінде Алматыға ұшатын бағыттарды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Әуе компаниясы бұл шешімді Иранға жақын өңірдегі әуе кеңістігіне қатысты қауіпсіздік жағдайын ескере отырып қабылдаған. Әуе тасымалдаушы аймақтағы жағдайдың дамуын жіті бақылап отырғанын және қауіпсіздік ең басты басымдық екенін мәлімдеді. 

26, 27 және 28 қаңтарға Делиден Алматыға, Тбилисиге, Ташкентке және Бакуге жоспарланған рейстер тоқтатылды. 

Сондай-ақ аталған қалалардан кері рейстер де орындалмайды. 

IndiGo өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі жағдайға байланысты кейбір рейстердің ұшу уақыты ұзаруы немесе қосымша тоқтатылуы мүмкін. 

Жолаушыларға балама рейстерді таңдау немесе билет құнын толық қайтару мүмкіндігі ұсынылған. Компания жолаушыларға рейс мәртебесін тұрақты түрде тексеріп отыруды ұсынды.

"Қауіпсіздік жағдайын ескере отырып": Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.