jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Илон Маск байлығы 800 млрд доллардан асқан тарихтағы алғашқы адам атанды

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Harun Ozalp/Anadolu via Getty Images

Америкалық бизнесмен Илон Маск тарихта байлығы 800 млрд доллардан асқан алғашқы адам атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Forbes-ке сілтеме жасап.

Бұған бизнесменнің SpaceX зымыран компаниясы өзінің xAI деп аталатын жасанды интеллект және әлеуметтік медиа компаниясын сатып алғаны әсер етті.

БАҚ мәліметінше, жалпы құны 1,25 трлн доллар болатын компанияны құрған келісімнің арқасында Масктың таза байлығы 84 млрд долларға артты, сөйтіп оның көлемі рекордтық 852 млрд долларға жетті.

SpaceX – Масктың ең құнды активі (542 млрд доллардан астам). Ол сондай-ақ Tesla компаниясының 178 млрд долларға бағаланған 12 пайыздық үлесіне, сондай-ақ тағы 124 млрд долларға бағаланған Tesla акцияcының опциондарына иелік етеді. Оның басқа да активтері бар.

Илон Маск байлығы 800 млрд доллардан асқан тарихтағы алғашқы адам атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.