jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қырғызстан әуежайларында Нипах вирусына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Шабадан
Әуежайдағы шабадан. Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Қаныбек Досмамбетов Нипах вирусына байланысты елде санитариялық-карантиндік бақылау мен алдын алу шаралары күшейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің отырысында депутат Медина Қайрылбекова елдің Денсаулық сақтау министрлігінің басшысынан Нипах вирусының таралуымен күресу үшін министрлер кабинеті қандай шаралар қабылдап жатқанын сұрады.

Денсаулық сақтау министрі Қаныбек Досмамбетов жағдайдың бақылауда екенін айтты.

"Қырғызстан санитариялық-карантиндік бақылау мен алдын алу шараларын күшейтті. Жұқтыру жағдайлары тіркелген Үндістаннан келген жолаушыларға ерекше назар аударылуда.

Ел президенті өз қорынан Ош, Қаракөл және Тамшы қалаларындағы барлық халықаралық әуежайға автоматты, стационарлық тепловизор орнатуға қаражат бөлді. Қазіргі уақытта мұндай тепловизор тек "Манас" әуежайында ғана бар. Жағдайды ушықтырудың қажеті жоқ. Бұл вирус COVID сияқты ауа тамшылары арқылы емес, физикалық байланыс арқылы таралады", - деді ол.

Қырғызстан әуежайларында Нипах вирусына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.