Францияда балаларға видео ойындар мен ЖИ-чаттарды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін
Опубликовано:
Читать на русском
Франция президенті Эмманюэль Макрон балаларға видео ойындар мен жасанды интеллект чаттарын пайдалануды шектеу жоспары барын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.
Макрон YouTube-тегі Brut арнасына сұхбат берді.
Франция басшысы алдағы үш ай ішінде видео ойындар мен жасанды интеллект чаттарының кәмелетке толмағандарға әсерін ғылыми бағалау үшін билік тәуелсіз сарапшыларға жүгінуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Егер сарапшылар мұндай контенттің зиянды екені немесе балалар мен жасөспірімдерге қауіп төндіретіні туралы қорытынды шығарса, Франция тиісті ережелерді ұсынады, деп түсіндірді мемлекет басшысы.
"Біз уысымызда ұстай алмайтын нәрселер бар. Сол кезде біз ережелер ұсынамыз" - деді Макрон.
Ұлыбритания үкіметі кәмелетке толмағандарға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды көздеп отыр. Олар Австралияның осы тәжірибесін қайталап көрмек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ DW-ге сілтеме жасап.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2340276-frantsiiada-balalarga-aleumettik-zhelimen-qatar-video-oiyndar-men-zhi-chattardy-paidalanuga-tyiym-salynuy-mumkin/