Нигерияда жол апатынан кем дегенде 30 адам мерт болды
Опубликовано:
Читать на русском
Нигерияның солтүстігінде болған жол-көлік оқиғасынан кем дегенде 30 адам қаза тапты, жарақат алғандар да бар, деп хабарлайды жергілікті Daily Post басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, Гуджунгуға бара жатқан трейлер (тіркеме – ред. ескертпесі) жүргізушінің абайсыздығынан жол апатына ұшыраған.
Салдарынан кемінде 30 адам қаза болып, көптеген адам жарақат алған.
Штат губернаторы Алхаджи Юсуф қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтқан.
Сондай-ақ ол Кано штатының Денсаулық сақтау министрлігіне жол апатынан зардап шеккен адамның барлығына тегін және тиісті медициналық көмекті дер кезінде көрсетуді тапсырған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2341097-nigeriiada-zhanturshigerlik-zhol-apatynan-kem-degende-30-adam-mert-boldy/