jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Канада мектебінде атыс болды: 10 адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған

оқиға орыны
Қылмыс болған жер. Көрнекі фото: Mike Campbell/NurPhoto via Getty Images

Канаданың Тамблер-Ридж қаласындағы мектепте атыс болып, бірнеше адам қаза тапты, жарақат алғандар бар. Полиция 10 адамның көз жұмғанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CBC-ге сілтеме жасап.

Канадалық басылымның хабарлауынша, орта мектептің ішінде алты адамның денесі табылды, бір адам ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды, ал тағы екі адамның денесі тұрғын үй ғимаратынан табылды. Тергеушілер мектептегі және тұрғын үй ғимаратындағы оқиғалар бір-бірімен байланысты деп санайды.

Күдікті мектеп ішінде де өлі күйінде табылды – полицияның болжамы бойынша, ол өзін-өзі атып өлтірген болуы мүмкін.

Ауыр жарақат алған екі адам тікұшақпен ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ жергілікті медициналық орталықта жарақат алған 25 адам дәрігерлердің тексеруінен өтіп жатыр. Оқиға орнынан шамамен 100 адам эвакуацияланды.

Полиция қастандық жасады деген күдіктінің жасы нешеде екенін тергеу мүддесіне сәйкес жариялаған жоқ.

Канада мектебінде атыс болды: 10 адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.