"Тікұшаққа оқ атпақшы болды": Колумбия президенті өзіне қастандық қатері төнгенін мәлімдеді
Опубликовано:
Читать на русском
Колумбия президенті Густаво Петро өзіне және отбасы мүшелеріне қастандық дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Петро бара жатқан бағытын өзгертуге және қауіпсіздік шараларын қайта қарауға мәжбүр болғанын атап өтті. Ол бұл оқиға турлы үкіметтің әлеуметтік желіде трансляциялаған іс-шарасында хабарлады.
"Бүгін таңертең мен отырған тікұшаққа оқ атпақ болғандықтан, діттеген жерге қонбадым. Балаларым да менімен бірге болды", - деді ол.
Петро президенттік тікұшақ бірнеше сағат бойы бағытын өзгертіп, басқа жолмен ұшуға мәжбүр болғанын атап өтті. Колумбия президенті нақты қатер төнгенін және сапар бойы қауіп сақталғанын айтады.
Оқиғадан кейін ол полиция генералдарының бірін қызметінен босатуды бұйырды, президент оның "таңқаларлық әрекетін" алға тартады және ол заңсыз бұйрықты орындаған болуы мүмкін деп күмәнданады.
Петро сонымен қатар былтыр қазан айынан бастап өзіне және айналасындағыларға ықпал ету әрекеттері, соның ішінде тұтқындау ордерлері және желтоқсанда ұлын ұстауға әрекет жасау сияқты оқиғалар болып жатқанын айтты.
Айта кету керек, Трамп бұған дейін Колумбияда Венесуэла президенті Николас Мадуромен болғандай сценарий қайталануы мүмкін екенін жоққа шығармаған еді. Осыдан кейін Густаво Петро Ақ үй басшысының таққан айыптарын жоққа шығарды. Петро сонымен қатар Трампқа асығыс әрекеттерге бармауға шақырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2342118-tikushaqqa-oq-atpaqshy-boldy-kolumbiia-prezidenti-ozine-qastandyq-qateri-tongenin-malimdedi/