БАҚ: Ресейде Павел Дуровқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Опубликовано:
Читать на русском
Ресейлік журналистер Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуровқа "террористік іс-әрекетке көмектесті" деген айып тағылғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ rg.ru-ға сілтеме жасап.
Журналистердің мәліметінше, Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуровқа қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205.1-бабының 1.1-бөлігі (террористік әрекетке көмектесу) бойынша іс қозғалған.
Журналистер қол жеткізген Федералды қауіпсіздік қызметінің деректеріне сәйкес, мессенджер туралы 2022 жылдан бері 153 000 қылмыстық істе айтылған, оның 33 000-ы диверсиялық-террористік әрекеттер және экстремизмге қатысты.
Оның ішінде журналистер "Крокус Сити Холлдағы" террористік акті және Дарья Дугина мен генерал Игорь Кирилловтың өлімін атап өткен.
Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1-бабының 1.1-бөлігінде кінәлі деп танылған адамды сегіз жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2346947-baq-reseide-pavel-durovqa-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/