Үшінші дүниежүзілік соғыс басталған жағдайда ең қауіпсіз елдер аталды
Опубликовано:
Читать на русском
Британиялық журналистер Үшінші дүниежүзілік соғыс басталған жағдайда ең қауіпсіз елдерді атады. Олар елдердің бейбітсүйгіштігі мен өмір сүру деңгейін есепке алған, деп хабарлайды LADBible сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ең қауіпсіз елдердің рейтингінде бірінші орында кейінгі 200 жылда ешқандай жаһандық қақтығысқа араласпаған Швейцария тұр.
Екінші және үшінші орындарды Ирландия мен Аустрия бөліскен. Журналистер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ирландияның ұрысқа қатысудан бас тартқанын, ал Аустрия НАТО-ның мүшесі емес екенін атап өткен.
Сондай-ақ қауіпсіз елдердің қатарында географиялық орналасуы мен қуатты армиясының арқасында тұрғындары өздерін қауіпсіз сезіне алатын Дания, сонымен қатар Еуропаның қалған бөлігінен алыс орналасқан Португалия бар.
Бұл ретте журналистер ядролық қару шабуылдары жасалса, салдарынан туындайтын ядролық ластану миллиардтаған адамға қауіп төндіретінін ескере отырып, жақын арада Үшінші дүниежүзілік соғыс басталған жағдайда ешкім толықтай қауіпсіз болмайды деп болжауға болатынын айтқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2350524-ushinshi-duniezhuzilik-sogys-bastalgan-zhagdaida-eng-qauipsiz-elder-ataldy/