"Басқа амал қалмады": Иран президенті көршілес елдердің басшыларына үндеу жасады
Опубликовано:
Читать на русском
Иран президенті Масуд Пезешкиан көршілес елдердің басшыларына үндеу жасады. Ол Тегеран соғысты қаламағанын, алайда өзін қорғауға мәжбүр болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Иран президенті Масуд Пезешкиан көршілес елдердің басшыларына үндеу жасады.
"Құрметті достас және көршілес елдердің басшылары, біз сіздердің көмектеріңізбен және дипломатиялық жолмен соғыстан аулақ болуға тырыстық, бірақ АҚШ пен сионистердің әскери шабуылы бізге өзімізді қорғаудан басқа амал қалдырмады", - деп жазды Пезешкиан Х желісінде.
Ол Иран көршілес елдердің егемендігін құрметтейтінін және Таяу Шығыстағы бейбітшілікті аймақ елдері қамтамасыз етуі керек деген сенімде екенін атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2350539-basqa-amal-qalmady-iran-prezidenti-korshiles-elderding-basshylaryna-undeu-zhasady/