Әзербайжанда әуежайға ұшқышсыз ұшу аппараты құлады: дрон Иранға тиесілі болуы мүмкін
Опубликовано:
Читать на русском
Әзербайжан өз аумағына алғашқы ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаны жөнінде хабарлады, ол Ираннан шыққан болуы мүмкін. Дронның жарылған сәті түсірілген видео желіде жарияланды.
РБК Әзербайжанның Trend және APA ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасап хабарлауынша, ұшқышсыз аппарат Нахичеван қаласының маңындағы әуежайға соққы жасаған. Тағы бірнеше дрон басқа жерлерге құлаған. Ұшқышсыз ұшу аппараттары Иранға тиесілі деп болжанып отыр.
Shot мәліметінше, әуежай аумағында өрт шыққан. Mash дерегіне сүйенсек, шабуыл салдарынан ғимараттың шатыры қираған.
Иран әлі жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.
Ескерту! Бейнежазбада бейәдеп сөздер бар!
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2350582-azerbaizhanda-auezhaiga-ushqyshsyz-ushu-apparaty-qulady-dron-iranga-tiesili-boluy-mumkin/