jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Иранда жаңадан сайланған жоғарғы көсемнің есімі жарияланды

Моджтаба Хаменеи
Моджтаба Хаменеи. Фото: Reza B / Middle East Images / AFP via Getty Images

Иранда жаңа жоғарғы көсемнің есімі мәлім болды. Жаңа жоғарғы көсем болып қаза тапқан билеуші Әли Хаменеидің екінші ұлы, 56 жастағы Сейед Моджтаба Хаменеи сайланды. Ислам революциясы сақшылары корпусы оған адал болуға ант берді.

РБК-ның Fars агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Моджтаба Хаменеи Иранның саяси және діни ортасында үлкен ықпалға ие, жоғарғы көсемнің әкімшілігінде ұзақ уақыт бойы маңызды лауазымдарды атқарған және Ислам революциялық сақшылар корпусымен тығыз ынтымақтастықта болған шиит діни қызметкері.

Сарапшылар кеңесі жоғарғы көсемді 8 наурыз таңертең таңдады. Таңдау жасалғанына қарамастан, кеңес хатшылығы Әли Хаменеидің мұрагері кім екенін бірден жариялаған жоқ.

Моджтаба Хаменеи Иранның үшінші жоғарғы көсемі атанды және өмір бойына сайланды. Иран конституциясына сәйкес, саясаткер немесе діни қайраткер жоғарғы көсем лауазымына үміткер бола алады, бірақ олар бірнеше талапқа сай болуы керек: адалдық пен тақуалық, көшбасшылық дағдылары және жақсы бедел, елдің ресми дінін ұстану және Ислам Республикасының қағидаттарына сену.

РИА Новости хабарлауынша, Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани АҚШ президенті Дональд Трамптың Сарапшылар кеңесінің отырысына шабуыл жасау туралы ескертуіне қарамастан Хаменеидің ұлы сайланғанын мәлімдеді.

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Моджтаба Хаменеиге адал болуға ант беріп, оның нұсқауларын орындауға дайын екенін мәлімдеді.

Иранда жаңадан сайланған жоғарғы көсемнің есімі жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.