Дубай әуежайының маңына екі дрон құлап, шетел азаматтары зардап шекті
Опубликовано:
Читать на русском
Дубай билігі әуежай маңында дрондар құлағанын мәлімдеді. Оқиға салдарынан төрт шетел азаматы жарақат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жергілікті биліктің мәліметінше, біраз уақыт бұрын екі ұшқышсыз ұшу аппараты құлады.
Хабарламада екі Гана азаматы мен бір Бангладеш азаматы жеңіл жарақат алғаны, бір Үндістан азаматы орта деңгейде жарақат алғаны хабарланды.
Оқыс жағдайға қарамастан, әуе қатынасы әдеттегідей жұмыс істеп тұр.
Айта кетейік, Дубай әуежайы жақында болған жарылыстардан кейін жұмысын тоқтатқан еді – ол оқиға да ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауына байланысты болды.
Кеше Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубайға жоспарланған рейстер 31 наурызға дейін тоқтатылғанын мәлім етті.
Бүгін FlyArystan әуе компаниясы да Дубайға рейстерді наурыздың соңына дейін тоқтатты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2352516-dubai-auezhaiynyng-mangyna-eki-dron-qulap-shetel-azamattary-zardap-shekti/