БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ираннан көршілес елдерге шабуылды тоқтатуды талап етті
Опубликовано:
Читать на русском
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранға көршілес елдерге шабуылдауды дереу тоқтатуды бұйыратын қарар қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ DW-ге сілтеме жасап.
Аталған қарарды БҰҰ-ның халықаралық құқық пен қауіпсіздікті қолдауға жауапты негізгі органына мүше 15 мемлекеттің 13-і мақұлдады. Тек Қытай мен Ресей ғана оған қарсы дауыс берді.
Басылымның мәліметінше, қарарды Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің мүшелері (Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Кувейт, Оман, Катар және Бахрейн) және Иордания ұсынған. Құжатта Иранның бұл мемлекеттерге шабуылы халықаралық құқықты бұзатыны және "әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіретіні" айтылған.
Құжатта Иранға қарсы әскери операция бастаған АҚШ пен Израиль туралы айтылмаған.
Сондай-ақ қарарда Тегеранның "Ормуз бұғазы арқылы халықаралық кеме қатынасын бұғаттауға, кедергі келтіруге немесе басқаша бұзушылыққа" бағытталған "кез келген әрекеті немесе қатері" айыпталады.
Иран қарардың қабылдануын сынға алды, ислам республикасының тұрақты өкілі құжатты АҚШ пен Израильдің "саяси мақсаттарына жету үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандатын теріс пайдалану" деп, ал Иранды "агрессия актісі құрбаны" деп атады.
Ресей құжаттың "бір жақты, объективті емес" екенін және "аймақта бейбітшілікке қол жеткізуге әсер етпейтінін" мәлімдеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2352879-buu-qauipsizdik-kengesi-irannan-korshiles-elderge-shabuyldy-toqtatudy-talap-etti/