Иранның Сыртқы істер министрлігі елдің жаңа жоғарғы көсемі жарақат алғанын растады
Опубликовано:
Читать на русском
Иран Сыртқы істер министрлігі елдің жаңа жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеидің жарақат алғанын алғаш рет ресми түрде растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ TАСС-қа сілтеме жасап. Оның денсаулығына қауіп төніп тұрмағаны айтылған.
Басылым ислам республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Багаидің итальялық Corriere della Sera газетіне берген сұхбатынан үзінді жариялады. Багаидің айтуынша, Иранның жаңа жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеи расында да жараланған, бірақ өзін жақсы сезінеді.
"Ол жараланды, бірақ өзін жақсы сезінеді. Ол ел алдына шығып, қашан сөз сөйлейтінін білмеймін. Жаңа жоғарғы көсем лауазымына үш-төрт адам үмітті еді, бірақ Сарапшылар кеңесінің көпшілігі сол кісіні таңдады", - деді Багаи.
Иранның жаңа жоғарғы көсемі
Естеріңізге сала кетейік, Иран жақында жаңа жоғарғы көсемі сайланғаны туралы ақпаратты жариялады. Ол – марқұм билеуші Әли Хаменеидің екінші ұлы, 56 жастағы Моджтаба Хаменеи. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жаңа жоғарғы көсемі туралы журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді. Тілшілер Трамптан Моджтаба Хаменеиді "аңду" туралы сұраған.
Көп ұзамай Иранның жаңа жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеидің жараланғаны туралы ақпарат шықты. Ел президентінің ұлы мұны жоққа шығарды. Ал бүгін Германияның ірі газеті BILD Иранның жаңа жоғарғы көсемі аятолла Моджтаба Хаменеидің жараланып, жасырынып жүрген болуы мүмкін екенін хабарлады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2352959-irannyng-syrtqy-ister-ministrligi-elding-zhanga-zhogargy-kosemi-zharaqat-alganyn-rastady/