Иран әскері жақын арада Израиль жойылатынын мәлімдеді
Опубликовано:
Читать на русском
Иран әскері Израиль жақын арада жойылып, Палестинада тәуелсіз мемлекет құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.
Мұндай мәлімдеме Иранның Tasnim ақпарат агенттігінде жария болды. Онда бұл Рамазан айының соңғы жұмасында атап өтілетін Әл-Құдс күніне орайластырылғаны сөз етілген.
Агенттік мәліметінше, Әл-Құдс — бұл жыл сайын аталып өтетін Палестина тәуелсіздігі үшін күреске тілектестіктің халықаралық күні.
"Сионистік режим жойылып, Палестина аумағында жер бетіндегі барлық дін қамтылған тәуелсіз Палестина мемлекеті құрылатын күн, сөзсіз, жақындап қалды" - деп мәлімдеді Иран әскері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2353319-iran-askeri-zhaqyn-arada-izrail-zhoiylatynyn-malimdedi/